АҚШ-тың Аризона штатында орналасқан Гранд-Каньон ұлттық паркінің аумағында орман өрті басталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Парк әкімшілігінің мәлімдеуінше, өрт елдің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан аумаққа қауіп төндіріп отыр. Сол себепті эвакуация жұмыстары жүргізіліп, туристер мен жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

«Өткен түні парк қызметкерлері шамамен 500 қонақты эвакуациялады. Қауіпті аймақта болған барлық турист пен қызметкерлер аман-есен құтқарылды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ каньонның солтүстік бөлігі –North Rim (Солтүстік шеті) уақытша жабылып, бұл аймаққа кіруге тыйым салынған.

Өрттің шығуына бейсенбі күні найзағай түсуі себеп болған. Қазіргі уақытта шамамен 3500 гектар жер отқа оранған. Билік өкілдерінің айтуынша, құрғақ ауа райы мен қатты жел өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

«Бұл — таулы шөлейт аймақ. Ашық орман алқабы негізінен кемпингке арналған», – деді полиция өкілі Джон Пакстон.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!