KAZINFORM – Олар Илон Масктың үкіметтің тиімділік департаментінің (DOGE) басшысы ретіндегі рөліне наразы, деп хабарлайды ABC News.

– Масктің шексіз әрі бақылаусыз билігі үкіметті жұмыс орындарынан айырады, бүтіндей бір департтаментерді қаламның ұшымен жоқ қылу елдің тәуелсіздігін жеңіп алғандарды таңдай қақтырар еді, – делінген Вашингтон сотына бейсенбі күні берілген шағымда.

Нью-Мексико штатының соты Маск сияқты маңызды және өкілетті адамды Президент конституцияға сай ресми түрде тағайындауы және оны АҚШ Сенаты бекітуі керек деп мәлімдейді.

Нью-Мексико бас прокуроры мен Аризона, Мичиган, Мэриленд, Миннесота, Калифорния, Невада, Вермонт, Коннектикут, Род-Айленд, Массачусетс, Орегон, Вашингтон және Гавайи өкілдерінің арызында: – Мемлекеттік билікті ресми түрде сайланбаған адамның қолына шоғырландырудан артық демократияға қауіп жоқ, – делінген.

Сонымен қатар, USAID-тің 26 белсендісі және бұрынғы қызметкері бейсенбі күні Маскқа қарсы айып тағып, сотқа жүгінді. Мэриленд штатының федералды сотына берілген бұл талап Маскқа және оның қарамағындағыларға, егер Маскты Трамп ресми түрде ұсынбаса және оны Сенат бекітпесе, бюджетті қысқартуды жалғастыруға тыйым салуды талап етті.

Масктың өзі және Трамп әкімшілігі және DOGE жай ғана үкіметтің үлкен шығындарымен және федералды агенттіктердегі ықтимал жемқорлықпен күресіп жатқанын айтады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левиттің айтуынша, Маск «барлық қолданыстағы федералды заңдарға сәйкес» қызмет етіп жатыр.

Бұған дейін Нью-Йорктегі федералды судья Илон Масктың DOGE мемлекеттік төлем жүйесіне қол жеткізуін уақытша шектеген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!