фото:adyrna.kz
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ үкіметі Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтататынын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы FoxNews-қа сілтеп.
Оның айтуынша, Вашингтон ұзақмерзімді бейбіт келіссөздерге басымдық беруді көздеп отыр.
“Біз енді бейбітшілікке нақты кепілдік болмаса, алыстағы соғысқа чек жазуды доғарамыз. Келіссөздер екі тараптан да белгілі бір ымыраны талап етеді, алайда Украина президенті Владимир Зеленский мұны түсінгісі келмейді. Ал Дональд Трамп барлық тараптың үстел басына отырып, келіссөз бастағанын қалайды”, – деді Ливитт.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!