Фото: видеодан скриншот

Катарда таяуда, дәлірегі, қасиетті Рамазан айы ақтала салысымен алғаш рет әйелдер мешіті ашылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып.

Әл-Мүжәділ мешіті деп аталатын құлшылық үйінің Батыс елдеріндегі «әйелдер мешіттерінен» айырмашылығы исламға толық сай келетіндігінде – оның тәлімгері ер адам, Кувейт шейхы Фахад әл-Кандари.

Ғибадат ғимаратының барлық білім беру және діни жұмыстарын бірыңғай әйелдер басқарады. Мешітте Құран курсы өтеді, жамағатпен намаз оқылады, т.б. әл-Мүжәділ мешіті – Катар әмірінің анасы Музенің ойластырған жобасы. Ол әйелдерге арналған осындай кеңістікті құру талай жыл бойы армандап келген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!