Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан 150 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жайында қос елдің Қорғаныс министрліктері хабарлайды. Бірнеше күн бұрын арадағы шекарада атыс болып, жағдай шиеленісіп кеткен еді. Тараптар бұл үшін бірін-бірі айыптап отыр. Кеше кешке екі жақ оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген. Ал өңірдегі жағдайды бағалау үшін Арменияға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы аттанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!