Фото: Apa.az
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының барлық органдарына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Apa басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян, ҰҚШҰ-ның барлық органдарындағы қызметтерін тоқтатқанын мәлімдеді.
“Осы кезеңде мұны жеткілікті деп санаймыз. Басқа шешім қабылдаудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпыз. Бірақ бұл болашақта басқа шешім қабылдамайтынымызды білдірмейді», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!