KAZINFORM – Армениядан Ресей әскери базасын шығару мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

— Бізде мұндай әңгіме болған жоқ, бұл тұрғыда жаңа ештеңе айта алмаймын, — деді ол.

Сонымен қатар, парламент спикерінің сөзінше, қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Ресей Федерациясына сапары жоспарланған, оның аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өтеді.

Мамыр айында Армения парламентінің мүшесі Тигран Абрамян Ереван мен Баку Ресей әскери базасын Армения аумағынан шығару туралы келісімге келе алады деп хабарлады.

Ресейдің 102-ші әскери базасы 1995 жылы Мәскеу мен Ереван арасында жасалған мемлекетаралық келісім негізінде Гюмри қаласында орналасқан. Базаны орналастыру туралы келісім мерзімі 2044 жылға дейін ұзартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!