Австралияда ғаламдық жылынудан дронның көмегімен күресуге кірісті. Жергілікті компания алдағы 2 жылда жүз миллион ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Өздігінен ұшатын құралдар адам мен техника жете алмайтын жерлерге тұқым себеді. Бір жағынан бұл жұмыс өте жылдам атқарылады.

Мысалы, адам күніне 800-дей өсімдік отырғызса, дрон 40 мыңға жуық тал егуге қауқарлы. Айта кетейік, әлемде жылда 30 миллиардтан астам тонна көміртегі газы ауаға бөлінеді. Бұған бірінші себеп – жанар-жағармай. Оның үстіне ормандар да аяусыз оталып жатыр. Энди Питман, климат өзгерісін зерттеу орталығының директоры: – Ормандарды қалпына келтіру көміртегі цикліне едәуір әсер етеді. Бұл климат өзгерісін реттеуде таптырмас әдіс. Неғұрлым көп ағаш отырғызылса, соғұрлым табиғи орта жақсарады. Көмірқышқыл газын азайту арқылы ауаны салқындатуға болады. Аталған істі жыл сайын жүйелі жасау керек. Десе де, бұл ғаламдық жылынудың бірден-бір шешімі емес.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!