Фото: Pixabay.com

Талибан тағы да әйелдердің құқығын шектейтін кезекті заңын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Талибан тағы да «ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға» бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің дауысы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелдерге көпшілік алдында дауыс шығарып, сөйлеуге болмайтын еді. Енді әйелдің басқа әйелмен тілдесуі де күнәға жатады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңды айыптап, оның қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз көшеде жүруіне, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондары жабылды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылып, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы» заңның күші жойылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!