1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Конар провинциясында магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісі болды. Оның салдарынан 800-ден астам адам қаза тауып, 2,5 мыңнан астамы жараланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Зілзала Соккай, Ватапур, Маноги және Чапа-Дара аудандарын да қамтыған. Агенттік мәліметінше, бұл аудандарда шамамен 500 адам жарақат алған.
Шенеуніктердің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз, алдағы уақытта көрсеткіш артуы мүмкін. Қазіргі таңда қашықтағы елді мекендермен байланыс орнату жұмыстары жүріп жатыр.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, негізгі эпицентр Құнардағы Джелалабад қаласының шығысынан 27 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері шамамен 8 км тереңдікте болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!