Сурет: depositphotos.com

Аустралия жағалауындағы Маккуори аралы маңында магнитудасы 5,6 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

АҚШ сейсмологтарының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Антарктида мен Жаңа Зеландия арасындағы адам тұрмайтын Маккуори аралының маңында орналасқан. Жер асты дүмпулері шамамен 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Сейсмикалық белсенділік эпицентрден 250 шақырым қашықтықта да сезілген. Жергілікті геофизикалық қызмет өкілдерінің айтуынша, толқын ұзақтығы сезілерлік болған және теңізде толқын тудыруы мүмкін.

Айта кетейік, Маккуори аралы ресми түрде Аустралия территориясына кіреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!