Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында мемлекеттік ауруханалар мен емханалардың бірнеше мың қызметкері жалақы көтеру мен жұмысшылардың қауіпсіздігін талап етіп наразылыққа шықты.

Мемлекеттік медбикелер мен акушерлер қауымдастығы (NSWNMA) наразылыққа өңірдегі мұғалімдер кәсіподағы мен Аустралияның біріккен одағы қолдау көрсеткенін айтты.

Медбикелер мен акушерлер жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі Доминик Перротт медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы шағымдарын тыңдап, COVID-19 шиеленіскен мемлекеттік ауруханаларда, клиникаларда және перзентханаларда кадрлардың жетіспеуіне назар аударады деген үмітпен осындай шараға барған. Сонымен қатар, мемлекеттік емхана қызметкерлері пандемия кезінде үкімет уәде еткен жалақы көтеру мәселесін талап етті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!