Әзербайжан Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL жолаушылар ұшағының апатына Шешенстан басшылығының ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Бұл туралы Minval дереккөзі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәліметте Шешенстанның бұл апатқа ешқандай қатысы жоқ екені айтылды.«Бұл оқиғаға жауапты – Ресейдің әскери қызметкерлері», – деп мәлімдеді Minval дереккөзі.
Айта кетсек, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 2024 жылдың желтоқсан айында құлаған AZAL Embraer E190 ұшағының экипаж мүшелерін «Шешенстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапаттаған болатын. Сондай-ақ, Қадыровтың айтуынша, Шешенстанда апат құрбандарына арналған ескерткіш тақта орнатылады.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Баку-Грозный рейсін орындаған «Әзербайжан әуе жолдарының» жолаушылар ұшағы Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшыраған. Ұшақта 67 адам болған, оның 38-і қаза тауып, 29 адам аман қалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі Ресейдің әуе кеңістігіндегі Грозный маңында сыртқы физикалық және техникалық әсерден болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!