Фото: AP Photo / Evan Vucci

Sputnik. АҚШ Украинаға көмек көрсететін және Ресейге қарсы елдердің коалициясын қолдайды. Бұл туралы АҚШ басшысы Джо Байденнің президенттік бәсекеден шығуына байланысты халыққа жасаған үндеуінде айтылды, деп хабарлайды Риа Новости.

«Біз НАТО-ны нығайтып, оны тарихтағы ең мықты альянсқа айналдыруды жалғастырамыз», – деді Байден үндеу жасаған кабинетінде.

Байден алдағы алты айда ол президент ретіндегі міндеттерін орындауға күш салуға ниетті екенін айтты.

Ақ үй басшысы сондай-ақ АҚШ Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеу үшін Украинаны қолдайтын елдердің бірлігін қамтамасыз ететінін айтты.

АҚШ президенті бұған дейін Украинаны қолдау туралы заң аясында өз өкілеттіктерін қаржы министрі Джанет Йеллен мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге берген болатын.

Байден жексенбіде президенттік сайлаудан кететінін және вице-президент Камала Харристі демократиялық партияның кандидаты ретінде ұсынуды қолдайтынын мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы 5 қарашада өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!