Фото: ашық дереккөзден
Камбоджа билігі Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды. Ресми хатты Нобель комитетіне Камбоджаның премьер-министрі Хун Манет жіберді, деп хабарлайды «Адырна«.
Ақпаратқа сәйкес, Камбоджа елі АҚШ президентінің «мемлекеттік даналығын» жоғары бағалап отыр. Сонымен қатар олар Камбоджаның Таиландпен қақтығысын шешуге делдал болғаны үшін алғыс білдірді.
Камбоджалықтар «АҚШ президенті әлемдегі ең тұрақсыз аймақтардағы шиеленісті жақсартуда ерекше нәтижелерге қол жеткізді» деп есептейді.
«Мен Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі ретінде құрметті Дональд Трамп, Америка Құрама Штаттарының45-ші және 47-ші президенті, әлемдік бейбітшілікті ілгерілетуге қосқан тарихи үлесін ескере отырып, Нобель сыйлығына ұсынғым келеді», — деп жазды Хун Манет.
Еске салайық, Дональд Трамп екі елдің басшылығымен сөйлесіп, Камбоджа мен Таиландты татуластыруға тырысты. Нәтижесінде екі ел бітімге келді.
Одан бөлек, маусымда Пәкістан билігі де АҚШ президентін Үндістанмен қақтығысты шешуге делдалдық жасағаны үшін 2026 жылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!