Беларусь елінде президент сайлауы өтті. ОСК мәліметінше, елдің қазіргі президенті Александр Лукашенко сайлауда 86,82 пайыз дауыс жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Беларусь Республикасы президенттігіне әрбір кандидатқа берілген дауыстардың саны туралы алдын ала ақпарат:
- Гайдукевич Олег Сергеевич – 2,02 %;
- Канопацкая Анна Анатольевна – 1,8 %;
- Лукашенко Александр Григорьевич – 86,82%;
- Сыранков Сергей Александрович – 3,21%;
- Хижняк Александр Николаевич – 1,74%;
- Барлығына қарсы – 3,60%.
«27 қаңтарда сағат 11:00-де Беларусь Орталық сайлау комиссиясының «Беларусь Республикасы президенті сайлауының алдын ала нәтижелері туралы» қорытынды баспасөз конференциясы өтеді», – делінген ОСК хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!