Фото: Kazinform/А. Мұқанова

CNS Қытай мемлекеттік агенттігі «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігімен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Бұл туралы Синьцзян филиалы бас редакторының орынбасары Ван Цзян Шэн айтты, деп хабарлайды KAZINFORM.

Оның айтуынша, Kazinform мен CNS-тің ұқсас жақтары көп. Біріншіден, ақпаратты шынайы әрі шұғыл жеткізеді. Өз елінің мемлекеттік саясатын ұстанатын агенттіктердің медиа саласында өзіндік қолтаңбасы бар.

Шетелдік ақпарат көздері, соның ішінде біз де, Қазақстан жаңалықтарын Kazinform арқылы біліп, сілтеме жасап, өзімізде жариялаймыз.

«Қытайда Kazinform-ның оқырманы көп. Ақпарат бірнеше тілде шығады. Бұл күн сайын қарыштап дамып жатқан медиа саласының талабы. Көштен қалмай дамып жатқан Kazinform агенттігімен бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Біріншіден, ақпарат алмасу, екіншіден, агенттік журналистеріне тағылымдамадан өтуге жағдай жасау, үшіншіден, «бір белдеу – бір жол» жобасы аясында түрлі фильмдер түсіру, материал әзірлеу және тағы басқалары», – дейді Ван Цзян Шэн.

Сондай-ақ, ол Kazinform ұжымын туған күнімен құттықтады.

«Биыл Kazinform ақпарат агенттігіне – 104 жыл. Бір ғасырдан астам тарихы бар байырғы агенттікті туған күнімен құттықтаймыз. Халықаралық деңгейден әлемдік деңгейге көтерілуіне тілектеспіз», – деді ол.

Айта кетейік, CNS Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігі қытай және ағылшын тілінде ақпарат таратады. 30 мемлекетте меншікті тілшілері бар. Бұдан бөлек, Қытайдың әрбір провициясында филиалы жұмыс істейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!