Бішкек сырқаттанушылық деңгейі бойынша сары аймаққа өтті. Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жағдай тұрақты және қауіптенетін еш себеп жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дерегіне қарағанда, вакцинациялауға жататын 3 миллион адамның 1 миллион 200 мыңы егілді. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жағдай нашарлай қалса, Денсаулық сақтау министрлігі ішінара шектеулер енгізуі мүмкін.
Ведомствоның мәліметінше, елде аурудың классикалық штаммы, сондай-ақ дельта мен омикрон айналымда.
Ал Арменияда коронавирустық шектеулерді енгізу мүмкіндігі туралы айтыла бастады. Бір апта ішінде ковидті жұқтырғандар саны екі есе өсті. Дәрігерлердің айтуынша, бұл Еуропа елдеріне саяхаттаушылар санының өсуіне және инфекцияны жұқтырудың толқынына байланысты. Арменияның Денсаулық сақтау министрі медицина жүйесі жағдайдың кез-келген дамуына дайын деп сендірді, бірақ алдағы екі аптада инфекция жұқтырудың өсуі жалғасса, республика «маска тағу режиміне» оралуы мүмкін.
BA.2.75 штаммы немесе «кентавр» Израильге жетті. Жұқтырудың алғашқы жағдайлары соңғы апталарда шетелде болған адамдарда анықталды. Бірнеше адам бар, барлығы бақылауда. Осы үш жолаушының бірі Үндістаннан, екеуі Франциядан ұшып келді. Ел билігі дабыл қағуда, өйткені алдыңғы штамдардың эпидемиясы әлі жеңілген жоқ, оларға жаңа штамм келді.
Дәрігерлер вакцинацияны, соның ішінде ревакцинацияны талап етуде. Олардың айтуынша, әзірге бұл – жалғыз қорғаныс. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі де азаматтарға ревакцинациядан өтуді ұсынады. Басқа ешқандай шектеулер жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!