ҚР СІМ ғимараты: facebook.com/KyrgyzstanMFA
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі 18 мамыр күні болған тәртіпсіздікке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы СІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ҚР құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты ақпарат түскен бойда оған қатысы бар шетелдік және Қырғыз республикасының азаматтарын ұстау бойынша жедел шара қабылдады.
«Бұл жағдай әлеуетті құрылымдардың жіті бақылауында болды. Олар азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті», – делінген ресми мәлімдемеде. Министрліктің хабарлауынша, оқиғаға қатысқандар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Медициналық мекемеге шамамен 15 азамат жүгінген. Қырғыз республикасының сыртқы істер министрлігіне зардап шеккен шетелдік азаматтар жайлы ақпарат түспеген. «Министрлік барша БАҚ өкілдері мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктерін жалған және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырадв», – деді СІМ өкілдері.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан. Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған. Кеше түнде осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды. Тәртіп сақшылары наразылыққа шыққандарды таңға жуық таратқан.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық шарасына барлығы мыңға жуық адам қатысқан. Төбелес шығарған шетелдіктер ұсталып, қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасап, пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!