Режеп Тайип Ердоған. Фото: Spencer Platt/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Газадағы жағдай туралы айтты. Саясаткер Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларды геноцид деп атады, деп хабарлайды NUR.KZ порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия басшысы Стамбұлда ауызашарлардың бірінде сөз сөйледі. Ердоған биылғы Рамазан Газаға байланысты көңілсіз және ауыр өтіп жатқанын айтты.

«Біздің ғасырдағы ең қатыгез геноцидтердің бірі Газада болып жатыр: онда 40 мыңға жуық бауырымыз, көбі балалар мен әйелдер көз жұмды, 73 мың палестиналық жараланды, 7 мыңнан аса жазықсыз адам қиранды астында қалды. Израильді сынаған Батыс елдерінің екіжүзділігі сол жаппай өлтіру үшін қару-жарақпен және оқ-дәрімен қолдады. Олар Газаны балалар мен әйелдердің әлемдегі ең үлкен зиратына айналдырды», – деді Түркия президенті.

Оның айтуынша, халықаралық институттар мен ұйымдар Газада тағы да сәтсіздікке ұшырады, ислам әлемі де ештеңе істей алмады.

«Біз өзімізді сынауға неғұрлым ертерек кіріссек, бұл Палестина халқы мен бүкіл Ислам үмметі үшін соғұрлым жақсы болады деп ойлаймын. Түркия қиын болса да шындықты айтудан тартынбайды. Елімізді одан әрі нығайту үшін күресе отырып, біз ислам әлеміндегі бірлік ұғымын тереңдету үшін күш-жігерімізді де саламыз», – деп қосты Ердоған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!