Борнео аймағында 7,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

German Research Center For Geosciences мәліметі бойынша дүмпулер жексенбі күні UTC сағат 16:57-де, 633 км тереңдікте болған. Эпицентрі Борнеоның солтүстік жағалау аймақтарында, соның ішінде Малайзия территориясында қатты сезілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық зиян туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ сол күні Фиджи аралдары оңтүстігінде 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!