Фото: видеодан скриншот

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 78 адам қаза тауып, 115 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы SmartNews Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.

Президент Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні Риу-Гранде-ду-Сулға жергілікті билікпен құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын талқылау үшін келді.

Су тасқыны құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі жексенбі күні табиғи апат кезінде 105 адам із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына қатысып жүрген еріктілер қайықтар мен гидроциклдерді пайдаланып жатыр.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!