Фото: БҰҰ баспасөз қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесі қасиетті Рамазан айында «тез арада атысты тоқтатуды» талап ететін қарар қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
25 наурызда қабылданған құжат кепілге алынғандарды босатуды және Газаға көмекті көбейтуді талап етеді. Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 14-і қарарды қолдады, АҚШ дауыс беруден қалыс қалды.
Палестинаның бақылаушы-мемлекетінің тұрақты өкілі Рияд Мансур 100 000-нан астам палестиналық жапа шегіп, қаза болғанын айтты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың резолюцияға вето қоюдан бас тартуы бұрынғы ұстанымынан ауытқығаны және Израильдің соғыс әрекеттеріне зиянын тигізетінін айтты.
«Біздің дауысымыз өзгермеді, қайталап айтамын, бұл біздің саясаттағы өзгерісті білдірмейді. Біздің саясатта ештеңе өзгерген жоқ. Ештеңе», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильді газалықтарға көмек көрсетудегі барлық кедергілерді жоюға рұқсат беруге шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!