Фото: t.me/V_Zelenskiy_official/11061

Украина президенті Владимир Зеленский шілденің 9-ы күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресейдің Украинаға жасаған жаппай зымырандық шабуылы салдарынан 38 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Ол зардап шеккен аймақтарда жалғасып жатқан құтқару және қалпына келтіру жұмыстарының кадрларын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосы порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Киевте 27 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында төрт бала бар. Олардың бірінің мәйіті Шевченко ауданында қираған тұрғын үйдегі үйінділерді тазалау кезінде табылды. Кривой Рогта – 10 адам, Днепрде бір адам мерт болды. Бұдан бөлек 190 адам зардап шекті, оның 100-ге жуығы ауруханаға жатқызылды.

Шабуыл салдарынан бір ғимараты қирап, бірнеше ғимараты зақымданған Киевтің «Охматдет» балалар ауруханасынан науқастардың барлығы басқа ауруханаларға ауыстырылды. 

Бүгін таңертең құтқарушылар үйінділерді тазарту кезінде жертөлеге жетті. Себебі онда адамдар қалуы мүмкін деген болжам бар. Алайда үйінді астында ешкім болмағаны хабарланды. Украина билігі Ресейді екі адам қаза тапқан балалар ауруханасына жоспарланған шабуыл жасады деп айыптап отыр. Алайда Ресей мұны жоққа шығарды. 

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сейсенбіде ауруханаға «антиракета», яғни украиналық әуе қорғанысының өзі зымыран лақтырғанын айтады. Бұған Ресей Қорғаныс министрлігі де дәлел келтірместен бір күн бұрын дәл осылай мәлімдеді. Десе де Украина қауіпсіздік қызметі оның ресейлік қанатты зымыран екенін дәлелдейтін айғақтары бар екенін атап өтті.

Киевке жасалған шабуылдың салдарынан тағы бір медициналық орталық зақымданды, онда тоғыз адам қаза тапты.

«Жалпы 100-ге жуық нысан зақымданды: балалар ауруханасы, қарапайым үйлер, балабақшалар, перзентхана, колледж, бизнес орталығы», – деді Зеленский.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі 9 шілдеде Ресейдің соққыларының салдарын қарастырды. 

Айта кетейік, 8 шілдеде ресейлік әскерилер Украинаға әртүрлі типтегі 40-қа жуық зымыранды ұшырды. Киев, Днепр, Кривой Рог, Покровск, Славянск, Краматорск қалаларына шабуыл жасалды. Бұл шабуыл құрбандар саны бойынша 2024 жылғы ең қантөгіс шабуыл болды.

Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш резко осудил российские удары. Он назвал ракетные удары по детской больнице «особенно шокирующими». Об этом сообщил Стефан Дужаррич.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресейдің соққысын қатаң айыптады. Ол балалар ауруханасына жасалған зымыран соққысын «қатты таңғалдырған» деп атады

«Бейбіт тұрғындар мен азаматтық объектілерге шабуыл жасауға халықаралық гуманитарлық құқықпен тыйым салынады. «Мұндай шабуылдар қабылданбайды және дереу тоқтатылуы керек», – деді Гутерриштің баспасөз хатшысы.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы 9 шілдеде таңертең Ұлыбритания, Франция, Эквадор, Словения және Америка Құрама Штаттарының өтініші бойынша шақырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!