Фото: Facebook/Royal Collection Trust

2024 жылғы желтоқсаннан 2027 жылға дейін Букингем сарайы ғимаратты қайта құру жұмыстарына байланысты қонақтарды қабылдамайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times басылымының хабарлауынша, жөндеудің құны – шамамен 462 миллион доллар. Бұл уақытта мемлекеттік іс-шаралар Виндзор сарайында өтеді.

«Британиялық монархтардың Лондондағы резиденциясы Букингем сарайын қонақтарды қабылдамайды», – делінген жазбада.

Жөндеуден кейін Ұлыбритания королі Чарльз III сарайға көшпейді, Лондондағы өзінің Кларенс-хаус резиденциясында тұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!