Kyzylorda-news.kz. Чарльз Швэб басшылық ететін цех жұмысшылары өндіріс нормасын дұрыс орындамай жүрді. Мұны байқаған Швэб: « Бұл қалай болғаны? Епті адам деген кім? Сіздер қалайша цехтың жақсы жұмыс істеуіне жағдай жасай алмайсыздар?» — деп сұрады.«Білмеймін, жұмысшылардың белсенділік танытуы үшін қолымнан келгенінің барлығын жасадым. Итермеледім, ұрыстым, тіпті, жұмыстан шығаратынымды айтып қорқыттым да. Бірақ, ешқайсысы да көмектесіп жатқан жоқ, жоспарды әлі орындай алмай жүр, — деген цех бригадирі ағынан жарылды.Бұл жағдай жұмыс уақытының соңына таман, түнгі ауысым келуге қарсы болған еді. «Маған бір түйір бор беріңізші,» — деген Швэб жанында жақын тұрған жұмысшының бірінен: «Бүгін сіздердің ауысымдарыңыз қанша дана жасады?» деп сұрады.«Алты».Сол-ақ екен, Швэб ештеңе де айтпастан жерге алты деген санды үлкен етіп жазды да, шығып кетті. Түнгі ауысымның жұмысшылары келгенде әлгі жазу әлі тұрған еді. Оны көріп жұмысшылар бұның не екенін сұрай бастады. «Бүгін бұл жерге бас директор келіп, қалай жұмыс істеп жатқанымызды, күндізгі ауысымның қанша жұмыс істегенін сұрады. Біз алтыға жеткізгенімізді айтып едік, ол соны еденге дәу етіп жазып кетті,»- деді жұмысшылар.Ертеңгісін таңертең Швэб цехқа қайта келді. Түнгі ауысым жердегі жазуды 7-ге өзгертіп қойыпты. Бұл жазуды күндізгі ауысым да көрді. Демек, түнгі ауысым бұлардан жақсырақ жұмыс істеген болып тұр. Жоқ, бұлай бола қоймас. Үлкен белсенділікпен жұмысқа кіріскен жұмысшылар кешкілік қайтар уақытта әлгі жердегі жазуды мақтанышпен 10 деген санмен өзгертті. Осылайша жұмыс қыза түсті. Көп өтпей-ақ, артта қалған бұл цех керемет жұмыс істей бастады. Жағдайдың осылай өзгеруіне не себеп?Бұл туралы Чарльз Швэбтің өз аузынан естісек.«Қиын жұмыстың тезірек біткенін қаласаңыз, онда оны атқарушылардың бойындағы жарыс рухын ояту керек. Ондағы мақсат көп табыс табуда емес, өзін көрсетуге деген талпынысты күшейту».Өзін көрсету! Жарысқа шақыру! Осылайша өр мінезді ер азаматтардың жүрегіне қайтпас жолдау тасталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!