Astronomer компаниясының бас директоры Энди Байрон Coldplay тобының Бостонда өткен концертіне көңілдесі Кристин Кэботпен барып, камераға түсіп қалғаннан кейін ресми түрде қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 шілде күні америкалық IT-компания ресми мәлімдеме жариялап, бас директор Энди Байронның отставкаға өтініш бергенін және директорлар кеңесінің оны қабылдағанын хабарлады.

«Біздің басшыларымыз мінез-құлық пен есеп берушілік тұрғысынан жоғары стандарт көрсетуі тиіс. Алайда соңғы уақытта бұл талаптар сақталмады», – делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, Белгілі миллиардер концерт кезінде көңілдесімен ұсталып қалғаны туралы хабарлаған еді. Америкалық миллиардер және Astronomer компаниясының бас директоры Энди Байрон концертке компанияның HR менеджері Кристин Каботпен келіп құшақтасып тұрғандары камераға түсіп қалды. Әзірге олардың өздері ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!