фото: Синьхуа

28 наурызда және 4–5 сәуірде жауған нөсер жаңбыр Дағыстанда ауқымды су тасқынына әкелді. Тоғыз елді мекенінде 760-тан астам үй әлі күнге дейін су астында қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей ТЖМ мәліметінше, уақытша орналастырудың 16 пунктінде қазір 524 адам бар, оның 175-і – балалар.

Өңірдің бес муниципалдық құрылымында тоғыз елді мекен әлі де су астында: жалпы 762 тұрғын үй, 812 аула аумағы және 76 автожол учаскесі, – деп нақтылады ведомство.

ТЖМ дерегіне сүйенсек, қолайсыз ауа райының салдарын жою үшін өңірге 3,8 мыңнан астам маман мен 1 мыңнан аса техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, 28 наурызда және 4–5 сәуірде жауған қатты жаңбыр Дағыстанда ірі су тасқынын туғызды. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде федералдық деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілген. Геджух су қоймасындағы бөгет жарылғаннан кейін Дербент ауданының төрт шағын ауданынан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Соңғы мәлімет бойынша, су тасқынынан 6 адам қаза тауып, 6,2 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!