Фото: WEST ASIA NEWS AGENCY
Иранның Дамаскідегі Елшілігіне жасалған агрессорлық әрекетке қатысты Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Иран Ислам Республикасының Қарулы Күштері БҰҰ Жарғысының 51-бабында келтірілген өзін-өзі қорғау ажырамас заңды құқығын жүзеге асыруда және сионистік режимнің бірнеше рет әскери агрессиялары мен Сирия Үкіметінің шақыруы бойынша қызмет етіп жүрген Иранның әскери кеңесшілерін осы елде шәһид қылуына, әсіресе, 2024 жылдың 1 сәуірінде Дамаскідегі еліміздің дипломатиялық орындарына жасалған шабуылға жауап ретінде осы режимнің әскери базаларына бірқатар әскери соққы жасады.
Иран Ислам Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқықтың қағидалары мен мақсаттарына табандылығын қуаттай отырып, кез келген заңсыз күш қолдану мен агрессиялық әрекеттерден өзінің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен ұлттық мүдделерін қорғауға деген табандылығын қуаттайды.
Иран Ислам Республикасының заңды өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыруда қорғаныстық шараларға жүгінуі, апартеидтік сионистік режимінің Палестина халқына қарсы заңсыз және геноцидтік әрекеттерінің және оның көршілес мемлекеттерге талай әскери агрессияларының, аймақта және одан тыс жерлерде соғыс таратуды жалғастырып жатқан жағдайдағы Иранның аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты көзқарасын көрсетеді.
Қажет болған жағдайда Иран Ислам Республикасы өзінің заңды мүдделерін кез келген әскери агрессиялық әрекеттер мен заңсыз күш қолданудан қорғау үшін қосымша қорғаныс шараларын қабылдайтын болады», – деді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!