Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін COVID-19-ға қарсы Sinopharm қытай фармацевтикалық компаниясы өндірген вакцинаны жедел пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін күндіз ДДҰ жедел пайдалануға болатын препараттар қатарына COVID-19-ға қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын қосты. Ол – ДДҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина», – деп мәлімдеді баспасөз конференциясында ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

«Бұл COVAX механизмі портфеліндегі вакцина тізімін кеңейтеді және елдерге ұлттық реттегіштердің вакцинаны жедел мақұлдауына сенімділік береді», – деді ол.

\

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!