АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мерекесін тойлайтын халықтарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Наурыз – парсы халықтары үшін көктемнің басталғанын және Жаңа жылдың келгенін білдіретін қуанышты мереке. Бұл өткен жылдың игіліктерін еске алып, көктемді жаңарған үмітпен, оптимизммен қарсы алуға мүмкіндік беретін ежелден келе жатқан дәстүр.
Парсы халқы – жарқын мәдениетімен және математика, жаратылыстану ғылымдары, құқық, технология мен өнер салаларындағы ерекше таланттарымен қоғамның дамуына зор үлес қосып келе жатқан халық. Америка Құрама Штаттарының атынан осы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын», – деп жазылған Ақ Үйдің ресми сайтында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!