Фото: © AP Photo / Andrew Harnik
Алқабилер соты АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байденді атыс қаруын сатып алу кезінде есірткіні қолданбағаны туралы өтірік айтқаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делавэр сотында алқабилер сейсенбіде үш сағат бойы кеңесіп, Хантер Байденді тағылған барлық үш айып бойынша кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады.
54 жастағы Хантер Байден, 2018 жылы есірткіге тәуелді бола тұра (ол крек қолданған), мылтық сатып алу кезінде бұл жайтты жасырып қалған.
Хантер Байденнің қару-жарақ лицензиясына өтініш беру кезінде есірткіні қолдану туралы өтірік айтқаны үшін кінәлі деп танылуы президенттік науқанның барысына және американдықтардың қараша айындағы сайлауда қалай дауыс беретініне әсер етуі екіталай, бірақ айыптау үкімі АҚШ президенті үшін ауыр соққы болатыны сөзсіз, – деп есептейді ВВС шолушысы Энтони Зуркер.
Енді ол 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және оны 750 мың доллар көлемінде айыппұл күтіп тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!