Грузия президенті парламенттің үш оқылымда қабылдаған «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы BBC-ге сілтеп.
Президент Саломе Зурабишвили заң жобасының
«Мен «Ресей» заңына вето қойдым. Бұл заң өз мәні бойынша, өз рухы бойынша біздің конституцияға және барлық еуропалық стандарттарға қайшы келетін ресейлік заң болып табылады және осылайша біздің еуропалық жолымызға кедергі болып табылады», – деді президент.
Президенттің айтуынша, вето 18 мамыр күні парламентке жіберілген.
«Бұл заң ешбір өзгертуге немесе жақсартуға жатпайды… Бұл заңның күші жойылуы керек», – деді президент.
Биліктегі «Грузин арманы» партиясы Зурабишвилидің ветосын жоққа шығару үшін парламентте жеткілікті дауысқа ие.
Ал 14 мамырда Грузия парламенті «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасын үшінші және соңғы оқылымда қабылдады. Заң жобасын үшінші оқылымда 84 депутат қолдады. Отыз адам қарсы дауыс берді.
Бұл заң мыңдаған наразылық пен батыстық серіктестердің Грузия билігіне қарсы бұрын-соңды болмаған сынға алып келді.
Парламенттегі талқылау Тбилиси орталығында жиі шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстармен және тұтқындаулармен аяқталатын жаппай наразылықтар фонында өтті.
Оппозицияның пікірінше, заң жобасы «шетел агенттері» туралы ресейлік заңнаманы қайталайды, ал заңның қабылдануы ресейлік сценарийге айналу қаупі бар — билікті сынайтын тәуелсіз ұйымдар мен БАҚ жұмысын стигматизациялау және тоқтату.
Сонымен қатар, заңға қарсылар заң жобасын тек сөз бостандығы мен азаматтық қоғамға ғана емес, осыдан жарты жыл бұрын ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін алған Грузияның еуроинтеграциясына қауіп төндіреді деп санады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!