Іnbusiness.kz. Оңтүстік Кореяның Hyodol стартапы қарт адамдардың жалғыздық сезімін жеңуге көмектесетін ерекше робот жасап шығарды, деп хабарлайды restofworld.org.

Hyodol деп аталатын сүйкімді қуыршақ ChatGPT технологиясына негізделген. Ол қарттармен әңгімелесіп, көңілді дауыспен сөйлейді, дәрі-дәрмегін уақытында қабылдауды немесе тамақтануды ескертіп отырады.

Робот иесінің жағдайын бақылайды. Егер 24 сағат бойы қимыл байқалмаса, ол бұл туралы отбасы мүшелеріне немесе әлеуметтік қызметкерлерге хабар береді.

Сондай-ақ, «әжесінен» немесе «атасынан» үнемі халін сұрап, көңіл-күйін біледі.

Бүгінде 12 мыңнан астам Hyodol робот-қуыршағы жалғызбасты қарттардың үйінде орнатылған. Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың айтуынша, мұндай «немерелер» қарттарға тірек болып, жалғыздықтан туындайтын қорқынышты жеңуге көмектеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!