Фото: Pexels
Еуропалық комиссия Еуропалық Одақтың Қытайға тәуелділігін азайту мақсатында сирек жер металдары мен өзге де стратегиялық маңызды материалдарды импорттау бойынша жаңа стратегия әзірлеп жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM Bild-ке сілтеме жасап.
Берлиндегі конференцияда Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен атап өткендей, бұл бастаманың мақсаты — еуропалық өнеркәсіптің қысқа және ұзақ мерзімді перспективада аса маңызды шикізаттың балама көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жаңа стратегия Ресей энергетикалық ресурстарының жеткізілімі тоқтағаннан кейін Еуроодақтың энергетикалық дағдарысты еңсеруіне мүмкіндік берген бағдарлама үлгісімен жасалып жатыр.
Басты бағыттардың бірі қайта өңдеу саласын дамыту болмақ.
— Кейбір компаниялар сирек жер элементтері мен аккумуляторлардың 95%-ға дейінін қайта өңдей алады, — деді фон дер Ляйен.
Сонымен қатар, Брюссель шикізатты өндіру және жеткізу саласында бірқатар елдермен, соның ішінде Украина, Канада, Австралия, Қазақстан, Өзбекстан, Чили және Гренландиямен ынтымақтастық жөніндегі келісімдер жасауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Қытай жеке деректердің берілуін бақылауды күшейтіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!