Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин бүгін Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Anadolu агенттігінің Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлескен.
«Түркия президенті ресейлік әріптесіне Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің Стамбулда тоқтаған жерінен қайта жалғасатынын естігеніне қуанышты екенін жеткізді», – деп хабарлайды агенттік.
Еске сала кетейік, 11 мамырға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Киевке тікелей бітімгерлік келіссөздерді қайта бастап, оларды Стамбулда өткізу туралы ұсыныс жасады. Ал күндіз Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің келіссөздер туралы ұсынысына жауап берді. Ол бұл жаңалықты жақсы деп бағалап, алдағы оқиғалардан үміт күтетінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!