Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған америкалық әріптесі Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде оның Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған әрекетін қолдайтынын білдірді, деп хабарлады жексенбі күні түрік көшбасшысының әкімшілігі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Екі президент жексенбіде елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.
«Президент Ердоған аймақтық және жаһандық оқиғалар Түркия мен АҚШ арасындағы консультацияларды жандандыру қажеттілігін тудырғанын айтты. Ол сондай-ақ АҚШ президентінің Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі шешімді және белсенді қадамдарын қолдайтынын мәлімдеді», – делінген әкімшіліктің баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ Ердоған Анкараның қақтығыс басталғаннан бері әділ және тұрақты бейбітшілікке ұмтылып келе жатқанын және осы ұстанымды ұстанатынын баса айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!