Фото: adyrna.kz
Ғаламдық жылыну салдарынан табиғи апаттардың күшеюіне байланысты климатологтар Еуроодақ басшыларына қазірден бастан қамдану керектігін ескертті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Qazaqstan ұлттық арнасының жаңалықтарына сілтеп.
Бельгиялық ғалымдардың болжамынша, 2050 жылға қарай қарт құрлық елдерінің жартысы су астында қалуы мүмкін.
«Қазақстанның батысы мен солтүстігінің су тасқынынан зардап шеккенін көріп отырмыз. Бұл климаттың өзгеруі мен ғаламдық жылыну салдарының одан сайын күшейгенін көрсетеді. Еуропа, Орталық Азия елдері климаттың өзгеруі салдарына төтеп беруге қауқарсыз. Бельгия тұрғындары да бірнеше жыл бұрын болған су тасқынының зардабын әлі күнге тартып отыр»,-деді Бельгияның Гент университетінің Орталық Азия елдері бойынша жетекші сарапшысы Фабиеэн Боссуйт.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!