Фото: ашық дереккөзден

Азиядағы сұйытылған табиғи газдың бағасы ақпан айының соңынан бастап 40 пайызға көтеріліп, биылғы ең жоғары көрсеткіш тіркеліп отыр. Бүгінде әр мың текше метрі үшін 400 долларға бағалануда, деп жазады Ulysmedia.kz.

Осыған байланысты ұзақмерзімді келісімшартпен жұмыс істемейтін көптеген сұйытылған табиғи газдың жеткізушілері Азия нарығына басымдық бере бастаған. Олар тауарды ең әуелі Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайға жөнелтіп отыр.

Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайға және одан туындайтын логистикалық қиындықтарға байланысты баға өсіп жатқанын атап өткен жөн.

Rystad Energy сарапшыларының пікірінше, егер қақтығыс одан әрі шиеленісіп, Иран Ормуз бұғазын жауып тастаса, онда газ бағасы әр мың текше метріне 3600 доллардан асуы мүмкін.

Әзірге мұндай сценарийдің ықтималдығы төмен.

Айта кетейік, әлемдегі барлық сұйытылған табиғи газдың жеткізушілерінің саудасының 20%-ға жуығы аталған бұғаз арқылы өтеді. 

Ресей үшін газдың әлемдік бағасының өсуі — қолайлы құбылыс. 

Себебі, ішкі газ тарифтері әлемдік бағамен байланысты емес, көбіне сұйытылған табиғи газ экспортталады.

Десе де, Азиядағы бағаның көтерілуі Еуропаны елең еткізді. Қазір Еуропадағы газ бағасы — әр мың текше метріне 350 доллар.

Бұл — ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларымен салыстырғанда бір жарым-екі есеге жоғары.

Сарапшылар қазіргі уақытта нарықта сұйытылған табиғи газдың тапшылығы байқалмайтынын, сондықтан Еуропа мен Азия арасындағы өнімнің қолжетімді көлемі үшін күрестің шиеленісуі екіталай екенін алға тартып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!