Sputnik. Еуропалық кеңес басшысы Антониу Кошта Парижде Украинаға қатысты ЕО және Канада басшыларының саммитінде Ресейге қарсы санкциялық қысымды жалғастыруға шақыруды көздеп отырғанын айтты.
«Украинаны қолдаудың ең жақсы жолы – біздің мақсатымызға жетуде табандылық таныту: әділ және мығым бейбітшілікке қол жеткізу. Бұл санкциялар арқылы Ресейге қысымды жалғастыру дегенді білдіреді. Мен бұл хабарламаны бүгін Парижде президент Эммануэль Макронның ұйымдастыруымен өтетін Украинаның бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған көшбасшылар кездесуінде жеткіземін», – деп жазды ол X желісінде.
Бұған дейін Еуроодақ сыртқы істер қызметінің ресми өкілі Анитта Хиппер РИА Новостиге ЕО Сауд Арабиясында Украинаға қатысты келіссөздер мен санкцияларды алып тастауды талқылау аясында Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейтуді ғана көздеп отырғанын айтқан.
Оның айтуынша, «Ресейдің барлық әскери күшін Украинаның бүкіл аумағынан шығару» санкцияны өзгерту немесе алып тастаудың негізгі алғышарттарының біріне айналуы мүмкін. Хиппер сондай-ақ Еуроодақтың мақсаты «Украинаға жан-жақты, әділ және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуде қолдау көрсету болып қала беретінін» атап өтті.
Осы аптада Эр-Риядта Ресей мен АҚШ арасындағы жабық сарапшылық кеңестер өтті. Сонымен қатар АҚШ делегациясы Киев өкілдерімен де кездесулер өткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!