Фото: Sergey Nemo

Sputnik. Сейсенбі күні таңертең Финляндияның Вантаа қаласындағы мектепте атыс болды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Хат жолдаушы хабарламаға «ДАИШ жауынгері» деген лақап атымен қол қойған.

«Бүгін таңертең Вантаа қаласындағы Виертола мектебінде атыс болды. Полицияға шамамен таңғы сағат 9.08-де оқиға орнынан қоңырау түсті», – деп жазылған полицияның баспасөз хабарламасында.

Атыс салдарынан жарақат алғандар бар, күдікті ұсталды, деп хабарлады полиция қоңыраудан кейін шамамен бір сағаттан өткен соң. Құқық қорғау органдары әзірге нақтырақ ақпарат берген жоқ.

Бұдан бұрын хабарлағандай, француз тәртіп сақшылары мектепке лаңкестік әрекет жасаймын деп, сондай-ақ мектеп қызметкерлерін өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен 16 жастағы оқушыны қамауға алды.

Жеткіншек сейсенбі күні мектеп директоры мен лицейдің төрт мұғаліміне қорқыту сипатында бірнеше хат жолдаған. Хат жолдаушы хабарламаға «ДАИШ жауынгері» деген лақап атымен қол қойған және хаттарда өзінің лицейін жарып жіберетінін де айтқан, деп хабарлайды BFMTV. Жасөспірім «өліммен қорқытты» және «терроризмді ақтады» деген күдікке ілінген.

Телеарнаның хабарлауынша, студент бұл қоқан-лоққылардың авторы екенін ішінара мойындап, әрекетін «сабаққа баруға ерінемін» деп ақтаған.

* ДАИШ – Қазақстан мен Ресейде қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!