Фото: ЕРА
Грекия Олимпиада комитеті Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада алауын Францияға ресми түрде тапсырды, деп хабарлайды ВВС.
Алауды тапсыру рәсімі 19 ғасырдың соңында бірінші заманауи Олимпиада ойындары өткен Панатинаикос ежелгі мәрмәр стадионында өтті.
Бұған дейін Грекияда 11 күн бойы Олимпиада алауының эстафетасы өтті.
Француз делегациясы алауды қабылдағаннан кейін ол кемемен Марсельге жеткізіледі. Оған 8 мамырда жетіп, содан кейін эстафета Франция аумағында басталады.
Дереккөз: Kazinform
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!