Фото: Wikipedia.org. / Мишель Барнье
Францияда ұлттық жиын депутаттары премьер-министр Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік білдіру туралы ұсынысты көпшілік дауыспен қолдады. Енді министрлер кабинеті отставкаға кетуге міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, бұл шешімді қабылдау үшін кем дегенде 289 дауыс қажет болған. Осылайша 331 депутат қарсы шығып, дауыс берді. 1962 жылы Франция үкіметін Жорж Помпиду басқарған сәттен бері бұл жағдай сенімсіздік вотумынан кейін (дауыс беру нәтижесінде қабылданатын саяси шешім) қабылданған шешім болып отыр.
Мишель Барнье Франция тарихындағы ең қысқа мерзімде қызмет атқарған премьер-министр атанды. Ол өз орнында бар болғаны 90 күн жұмыс істеді. Барнье және оның кабинеті Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа премьер-министрді іздегенге дейін уақытша міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Шілдедегі кезектен тыс сайлаудан кейін жаңа үкіметті тағайындауға 50 күн қажет болған еді.
Франция Конституциясына сәйкес бір жылда екі сайлау ұйымдастыруға болмайды. Елисей сарайы хабарлағандай, Макрон 5 желтоқсан күні кеште халыққа үндеу жасайды. Бүгінде халық арасында үкімет басшысы Мишель Барньенің өз орнында қала ала ма, әлде елді қызметін босату тұр ма деген күдік тұр.
Кейінгі күндері президент Эммануэль Макронның отставкаға кетуін талап еткен үндеулер естілді. Алайда 3 желтоқсанда Франция президенті өзінің отставкаға кетпейтінін тағы да мәлімдеді. Ол 2027 жылы аяқталатын мерзімінің «соңғы секундына дейін» елге қызмет ететінін айтты.
Фото: Anadolu/Getty Images
Дүйсенбі күні депутаттардың қолдауына ие бола алмаған Барнье әлеуметтік сақтандыру бюджеті туралы заң жобасын парламент арқылы өткізуге шешім қабылдады. Осыдан кейін ультраоңшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен және Жан-Люк Меланшон басқаратын солшыл «Қайсар Франция» партиясы сенімсіздік вотумын қолдайтынын мәлімдеді. 3 желтоқсан кешінде Мишель Барнье француз БАҚ-тарына берген сұхбатында оппозициялық партиялармен бюджет бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін және өз орнында қалуға үмітті екенін жеткізді.
Ал 4 желтоқсанда парламенттегі пікірталас кезінде Марин Ле Пен премьер-министрді қатты сынға алды. Бұдан бөлек «Ұлттық бірлестік» партиясының радикалды солшылдармен бірігуден басқа амалы жоқ екенін мәлімдеді.
«Мәжбүрлі жағдай бізді радикалды солшылдармен бірге дауыс беруге итермелеп отыр… Біз бұл қадамды тек осы әбігерге салған бюджетті тоқтату құралы ретінде пайдаланамыз», — деді Мишель Барнье.
Өз кезегінде, Мишель Барнье өз сөзінде оның отставкаға кетуі елдің қаржылық мәселелерін шешпейтінін айтты. Сөзін қорытындылай келе, Барнье бірнеше ай бойы премьер-министр қызметін атқару оның үшін үлкен мәртебе болғанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!