KAZINFORM – Францияның Марсель қаласындағы Ресей бас консулдығының жанында жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

BFMTV арнасының хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00 шамасында болған. Оқиға орнына өрт сөндіру және өрттен құтқару қызметінің 30-ға жуық қызметкері келді.

Valeurs Actuelles журналының тілшісі өз кезегінде белгісіз біреулер консулдық аумағындағы бақшаға тұтандырғыш қоспасы бар екі ыдысты лақтырып жібергенін нақтылады. Оқиға орнынан ұрланған көлік анықталды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, мәселе тек материалдық шығын туралы болып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!