18 мамыр күні Гаага қаласында шамамен 100 000 адам Нидерланд үкіметінің Газадағы соғысқа Израильді қолдауына қарсы митингіге шықты, – деп хабарлайды Адырна порталы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — елдегі соңғы 20 жылдағы ең ірі наразылық шарасы болды.
«Газа үшін қызыл сызық сызыңдар» деген ұранмен өткен шеруді Amnesty International, Human Rights Watch және Oxfam Novib сынды 80-нен астам үкіметтік емес ұйымдар қолдаған.
Қызыл киім киген белсенділер қару-жарақ экспортын тоқтатуды және Нидерландтың Израиль геноцидіне қатысуын доғаруды талап еткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!