Фото: Euronews
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газа секторында соңғы 8 айда жасалған шабуылдарда 150 журналистің қаза тапқанын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі TRT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Баспасөз еркіндігі туралы айтқандар қазір Палестина территориясында болып жатқан оқиғалар туралы үнін шығармай отыр», – деді Ердоған.
Түркия президенті Анкарада өткен «Анадолы БАҚ марапаттау рәсімінде» сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Израильдің Газа секторына 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан және ондаған мыңнан астам палестиналықты өлтірген шабуылдарына наразылық білдірді.
«Бұл ессіздікке қарсы әрекет ету – Палестина халқының алдындағы гуманитарлық парызымыз. Біз палестиналық бауырларымызды қорғау арқылы адамзатты, сонымен бірге бейбітшілікті, әділеттілікті және еркіндікті қорғаймыз», – деді Түркия президенті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!