KAZINFORM — Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.
БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген. Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!