Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, осы аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп пен Нетаньяху Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!