KAZINFORM – Израиль мен ХАМАС арасында Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енген соң эксклавқа гуманитарлық жүк тиелген жүк көліктері келіп жатыр, деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі. 

Хабарланғандай, жүк көліктері Газаға сектордың оңтүстігінде Израиль бақылауындағы «Карм-Әбу-Салим» өткелі арқылы кіріп жатыр.

Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі тараптар Египеттегі келіссөздер барысында қол жеткізген келісімдерге сәйкес 10 қазанда күшіне енді. Израиль армиясы өз бөлімшелерін «сары сызық» деп аталатын аймаққа ішінара шығарудың аяқталғанын хабарлады. Израиль күштері Газа секторының бірнеше аймағынан («Сары сызық» деп аталатын) оңтүстігіндегі Хан Юнистен солтүстіктегі Бейт-Лахияға дейін шығарылады деп жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!