Фото: Риа Новости

Кельнде дүйсенбі күрі таңертең қала орталығында жарылыс болғаннан кейін ауқымды полиция операциясы жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рудольфплатц пен Фризенплатц алаңдары арасындағы Гохенцоллернринг көшесі – ішкі көлік сақинасының бөлігі бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы үшін жабылды, деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары операция жүргізілетін аймақтан аулақ болуға шақырды. Полицияның мәліметінше, жарылыстан бір ғимарат зақымдалып, бір адам жеңіл жарақат алды. Тергеу бұл қаскүнемдердің қасақана әрекеті туралы деп болжайды, деп атап өтті Кельн полициясының өкілі.

Қазіргі уақытта бақылау камерасының жазбалары зерттелуде және болжамды қылмыс іздері тіркеліп жатыр. Таңертең Гохенцоллернринг көшесі көлік қозғалысы үшін қайта ашылды.

Kölner Stadt Anzeiger газеті атап өткендей, оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, бірақ өртті сөндірудің қажеті болмады. Басылымның хабарлауынша, жарылыс Vanity Club Cologne түнгі клубында болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!